ШЫМКЕНТ: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне қатысушылар марапатталды

0
690

Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасының құжаттары ұсынылған болатын.


ШЫМКЕНТ: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне қатысушылар марапатталды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезең бойынша жеңімпаздарын анықтау комиссиясының отырысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасының құжаттары ұсынылған болатын.

Нәтижесінде 31 отбасының құжаттарын қарап, оның ішіндегі 15 отбасы тиісті құжаттарын толық ұсынбауына байланысты қараусыз қалдырылды.
Ал қалған 16 отбасының құжаттары белгіленген қағидаға сәйкес бағаланып, жеңімпаз ретінде 4 отбасы қалалық деңгейде өтетін екінші кезеңге жолама алды.
Олар:
- Байбосыновтар отбасы;
- Теңізбаевтар отбасы;
- Бақтыбаевтар отбасы;
- Шукуровтар отбасы.
Бүгінгі осы аудандық деңгейде өткізілген «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының І-ші кезеңіне белсене қатысқан барлық 16 отбасыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, сый құрмет көрсетілді.

Аталған конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 23 мамыр мен 23 маусым аралығында қабылданады.

Айта кетейік, 2021 жылы өткен "Мерейлі отбасы" байқауына Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы - 31, Әл-Фараби ауданы - 20, Еңбекші ауданы - 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдаған еді. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы) салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсеткен. Шымкентте өткен қалалық кезеңнің тағы бір ерекшелігі байқауға қатысушылар арасында көп балалы және жас отбасылардың саны 2 есе артып, анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған болатын. Нәтижесінде Алиевтер отбасы комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылған еді.