ШЫМКЕНТ: Мереке қарсаңында үздік ұстаздар марапатталды

0
704

ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, төсбелгісімен, Алғыс хатымен 14 ұстаз марапатталды.


ШЫМКЕНТ: Мереке қарсаңында үздік ұстаздар марапатталды

Шымкентте Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында білім саласында еңбек етіп келе жатқан бірқатар ұлағатты ұстаздар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан ұстаздар қауымын мерейлі мерекемен құттықтап, білімді ұрпақ тәрбиелеуде және үшінші қаладағы білім саласының жан-жақты дамуына қосқан үлестері мол екендігін атап өтті.
Оқушылар сарайында өткен мерекелік жиында «Арман» жекеменшік мектеп-гимназиясының директоры Рысбекова Ардақ Қалымбекқызы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекелік медалімен 27 ұстаз, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, төсбелгісімен, Алғыс хатымен 14 ұстаз марапатталды.