ШЫМКЕНТ: мерекеге орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді

0
1 127

Сонымен қатар мәдени-көпшілік және концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.


ШЫМКЕНТ: мерекеге орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді

Шымкентте 25 қазан – Республика күні қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар мәдени-көпшілік және концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар мерекеге орай қаладағы келесі орындарда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді.
Атай айтқанда:
- 21 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында 2 жерде, яғни - «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында;
- 22 қазан күні сағат 08:00-15:00 аралығында «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында;
- 24 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұртас шағын ауданында №1/6 үйдің артындағы автотұрақ аумағында («Стандарт Сити»);
- 25 қазан күні сағат 15:00-18:00 аралығында Нұрсәт-3 шағын ауданында №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында өтеді.
дереккөз: «Шымкент келбеті»