ШЫМКЕНТ: Мониторингтік топ сауда орталықтарында баға тұрақтылығын зерделеді

0
284

Бүгінгі таңда азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ.


ШЫМКЕНТ: Мониторингтік топ сауда орталықтарында баға тұрақтылығын зерделеді

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мониторингтік топ бірқатар ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік бағаларын зерделеп қайтты.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қайрат Базарбековтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Грамад» және «Магнум» ірі сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда. Шарт бойынша ірі сауда нысандарында сатылатын тауарлар бекітілген баға шегінен асырылмауы тиіс.
Бүгінгі таңда азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ. Қорымызда бірқатар азық-түлік тауарлары жеткілікті. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 204 бабы 4-тармақшасында сауда үстемесі 15 пайыздан артқан жағдайда әкімшілік шара көру көзделген. Бұл баптың негізінде алдымен ескерту шаралары жүргізіледі. Өткен жылы 2 сауда субъектісіне ескерту берілді. Биыл бір әлеуметтік дүкенде тауар сапасына қатысты шағым Ал азық-түлік бағасының шекті мөлшерден асырып жатқанын көрсеңіздер, 24-75-41 нөміріне хабар беріңіздер, - дейді бөлім басшысы.

Қаладағы баға тұрақтылығын қадағалау бойынша мониторингтік топ барған «GRA-MAD» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енген бірінші сортты бидай ұнының келісі 170 теңгеден, нан 80 теңгеден, макарон өнімі 193 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, аталған сауда желісінен қырыққабатты 119 теңгеден, сәбізді 148 теңгеге, картоп (138 теңге) пен пиязды 75 теңгеден алуға болады.