ШЫМКЕНТ: Наубайханашылар нан бағасын көтеруді сұрап отыр

0
1 179

Қаладағы бірқатар наубайхана қожайындары дабыл қағуда.


ШЫМКЕНТ: Наубайханашылар нан бағасын көтеруді сұрап отыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте нан жабуды табыс көзіне айналдырғандар ұнның қымбат болуынан күн сайын едәуір шығынға ұшырап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Atameken Business порталына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы наубайханашылар нан бағасын көтеруді сұрап отыр. Себебі, 50 келі ұнның бағасы 5 200 теңгеден 6 800 теңгеге дейін қымбаттағандықтан қала әкімдігі белгілеген 70 теңге шығындарын ақтамайды екен.

Кәсіпкерлердің айтуынша, шаһар басшылары 10-шы қаңтарға дейін шыдауды сұраған. Егер бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылданбаса, онда наубайханалар 10 күннен кейін-ақ жабыламыз дейді. Десе де құрамына 36 наубайхана кіретін қауымдастық төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев жергілікті биліктің нан пісірушілерге қолдау көрсете бастағанын айтады.

Оның сөзіне сүйенсек, қала басшылығы тұрақтандыру қорынан 100 млн теңге бөліп, наубайханаларға қабын 5900 теңгеден арзан ұн беруге уәде берген.

Айта кетейік, үшінші мегаполисті толықтай нанмен қамтамасыз ету үшін наубайханаларға күнделікті 65 тонна ұн қажет екен.