ШЫМКЕНТ: Науқастардың көбеюінен қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға дәрі-дәрмек жетпей қалған

0
68

Он бір онкопациент препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға мұқтаж болған.


ШЫМКЕНТ: Науқастардың көбеюінен қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға дәрі-дәрмек жетпей қалған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Қатерлі ісік» аурымен есепте тұратын науқастарға онкологиялық препараттардың берілуіне байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған жиын барысында белгілі болғандай, онкологиялық препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қыркүйек айында қалалық онкологиялық орталық дәріханасында болған. Алайда бөлінген дәрі науқастар санының артуына, яғни дәріге мұқтаждар саны көбеюінің салдарынан қыркүйек айының соңына дейін игеріліп қойған. Соның әсерінен, қазан айына арналған дәрілер 7-10 күнге кешігіп, он бір онкопациент препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға мұқтаж болған.


Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Абишев айтып берді. Оның айтуынша, 2019 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша, бірыңғай дистрибьютор жеткізу кестесіне сәйкес 2019 жылдың қазан айында төменде көрсетілген дәрілік заттарды кешіктірген.


Олар – құны 44 млн. теңгеден астам қаржыны құрайтын Летрозол, Бикалутамид, Алтындрис, Капецитабин, Аксастрол, Герцептин, Калоприемник, Темо-Эл, Зарсио және Эпоэтин альфа 40000МЕ атты препаттар менмедициналық бұйымдар болған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет