ШЫМКЕНТ: «Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем» атты мерекелік іс-шара өткізілді

0
780

Мерекелік іс-шарада оңтүстікке танымал өнерпаздар ән айтып, би биледі.


ШЫМКЕНТ: «Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем» атты мерекелік іс-шара өткізілді

Шымкенттегі «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында «Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында орталық өз келушілерін ұлттық мерекемен құттықтап, дастархан жайды.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Өнербаев, Шымкент қаласы Шымкент жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова қонақтарды әз-Наурызбен құттықтап, тілектерін жеткізді.
Қазіргі таңда әлеуметтік қолдау орталығында азаматтарға кешенді бес бағытта қызмет көрсетіледі. Мұнда өткен жылы мүгедектігі бар 9 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетілген.
Орталық 2021 жылы ашылды. Содан бері, әлеуметтік қолдау бойынша қажетті кеңестерді осы жерден аламын. Инватаксиге өтініш береміз, барлық сала цифрландыру жүйесіне көшіп жатқандықтан Егов-та қызмет алуды үйрендік. Мекеменің екінші қабатында түрлі үйірмелер бар. Мысалы, ән домбыра, кітапхана, тоқыма тоқу, арт-сурет салу үйірмелері жұмыс істейді. Бос уақытымызды көбінесе осы жерде өткіземіз. Бүгінгі мерекелік іс-шара көңілімізді көтерді. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, - дейді Б.Қабылбекұлы.
Мерекелік іс-шарада оңтүстікке танымал өнерпаздар ән айтып, би биледі. Ал, орталық қызметкерлері ұлттық тағамдарын ұсынды.
Айта кетейік, Шымкенттіктер Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы атаулы күнде ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл тарихты тірілткен мерекелік іс шараларды тамашалауда. Атап айтатын болсақ, «Наурыз Шымкенттен басталады» кешенді жоспары аясындағы іс-шаралар желісі Шежіре күнімен жалғасты.

Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері шежірелі тарихымыздан сыр шерткен Әл-Фараби бабамыздан бастап, шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, Домалақ ана, Қыз Жібек және ұлттық киімдегі ходулистер, қыз көші көріністерін қояды. "Арбат” алаңы арқылы «Қиял әлеміне» беттейтін көш халық өмірінің тарихи эпизодтарына құрылған. Сахналық көріністер домбыра-сырнай әуенімен әсерлі өрбуде. Көш арнайы белгімен кері қайтып, күн бойына бірнеше рет көрсетіледі.