Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында қойылды.
Шымкентте Америкалық әйгілі драматург Нил Саймонның пьесасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Америкалық әйгілі драматург Нил Саймонның «Әумесерлер» пьесасы қазақ тілінде тұңғыш рет сахналады. Әлемдік әдебиеттің інжу-маржанына айналған туынды Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында қойылды.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында жазылған пьесаның күні бүгінге дейін айтар ойы терең, көтерер жүгі ақуымды. Қоғамдағы біршама мәселелер комедияда кеңінен көрініс табады. Білім-ғылым, мәдениет пен теңдік, махаббат пен достық ерекше бейнеленген қойылым көрермендердің де көңілінен шықты.
Айта кетейік, «Әумесерлер» пьесасы 22-28 наурыз аралығында, сағат 18:30-да қойылады.