Шымкент: Нұр-сұлтанға көмек ретінде 3 тонна антисептик жіберді

0
867

Зауытта қазіргі таңда 30 жұмысшы екі ауысымда еңбек етуде.


Шымкент: Нұр-сұлтанға көмек ретінде 3 тонна антисептик жіберді

Нұр-сұлтанға көмек ретінде Шымкенттегі "НПО ASEM" зауыты 3 тонна антисептик жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған зауыт бүгін Нұр-Сұлтан қаласына көмек ретінде 3 тонна антисептик жөнелтті. Бұл кәсіпорын тәулігіне 6 тонна өнім шығаруда.

Зауытта қазіргі таңда 30 жұмысшы екі ауысымда еңбек етуде. Қосымша резервте 10 жұмысшы бар. Ол кезде кәсіпорын үш ауысымда 10 тонна шығаруға қауқарлы.

Кәсіпорын директоры Мұхит Асановтың мәлімдеуінше, зауытқа шикізат Бельгиядан, Ресейден тасымалдануда. Өнімдері сапасы жағынан елімізде көш бастап тұр. Бағасы қолжетімді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты зауыт өнімдеріне Шымкентпен қатар, Нұр-Сұлтан қаласынан, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау т.б. өңірлерден сұраныс артқан.