ШЫМКЕНТ: Нұрсәт шағынауданында жаңа аллея салынуда

0
1 354

Аллея құрылысы қазан айының соңына дейін аяқталады.


ШЫМКЕНТ: Нұрсәт шағынауданында жаңа аллея салынуда

Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұрсәт шағынауданындағы Измир көшесінде жаңа аллея құрылысы қолға алынды.

Шағын аумақта тұрғындардың демалыс уақытын өткізуге арналған арнайы орындықтар, көгалдандыру жүйелері мен жарық шамдары, ақпараттық тақтайшалар орнатылған.
Аллея құрылысы қазан айының соңына дейін аяқталады.
«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен ауданда 34 балалар ойын алаңы мен 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Сондай-ақ тұрғындар өтінішіне сәйкес 8 гүлзардың құрылысы бітіп, пайдалануға берілетін болады.