ШЫМКЕНТ: Нұршашу көшесі биыл жарықтандырылады

0
469

Бозарық көшесі 2024 жылғы жоспарға енгізілген.


ШЫМКЕНТ: Нұршашу көшесі биыл жарықтандырылады

Шымкент қаласы Забадамдағы Нұршашу көшесі биыл жарықтандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданына қарасты «Забадам» шағын ауданында 8 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. 1 мектеп, 2 балабақша, 1 спорт алаңшасы бар.

Шағын аудан электр, ауыз су, табиғи газ, интернетпен 100 пайыз қамтылған. Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін ұсыныс берілді. 2025 жылға дейін мәселе шешімін табады.
50 көшенің 95 пайызы асфальтталған. 2023 жылы Энергетиктер, Ақорда көшелері, 2024 жылы Ақмола, Балдәурен көшелеріне асфальт төселеді.
Забадам шағынауданында 15 көше жарықтандырылған. Ендігі жарықтандыруды қажет ететін екі көшенің бірі – Нұршашу көшесі биыл жарықтандырылмақ. Бозарық көшесі 2024 жылғы жоспарға енгізілген.
№16, 122 қоғамдық көліктері қатынайды. Қоқыстарды тазалау жұмыстары «СпецАвтоТранспорт» ЖШС тарапынан аптасына 1 рет жүзеге асады.