ШЫМКЕНТ: Нұршуақ елдімекенінде 3 мыңнан астам абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді

0
1 469

Қайнарбұлақ елдімекенінде І, ІІ кезең құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Нұршуақ елдімекенінде 3 мыңнан астам абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді

ERNUR.KZ. Шымкентте Нұршуақ елдімекенінде табиғи газға қосу жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Нәтижесінде 110,597 шақырымды құрайтын газ құбыры жүргізіліп, 3 500-ден астам абонент көгілдір отынға қосылды.

Жыл соңына дейін қала аумағында Тұран шағын ауданы (2-3 кезек), Бозарық, Асар-2, Сауле, Ақтас-1/2, Арғымақ және Нұршуақ шағын аудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, көгілдір отынмен қамтылады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамту көрсеткіші 94%-дан 96%-ға жетеді.
Сонымен қатар, Қайнарбұлақ елдімекенінде І, ІІ кезең құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы толық аяқтап, 14 403 абонентті табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.