ШЫМКЕНТ: Нұртаста жыл соңына дейін 700-ге жуық абонент электр қуатымен қамтылады

0
386

Қазіргі таңда шағынауданда бағаналар тартылып, электр желілері тартылуда.


ШЫМКЕНТ: Нұртаста жыл соңына дейін 700-ге жуық абонент электр қуатымен қамтылады

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында жыл соңына дейін 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда шағынауданда бағаналар тартылып, электр желілері тартылуда. Аталған жұмыстар 2021 жылы басталып, бүгінде құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталған.

Атап айтқанда 600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желілері тартылды. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоспар бойынша, сапалы жарықпен қамту тамыз айында толық пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Нұртас шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстары қатар атқарылуда. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құраса, бүгінде оның 75 пайызы орнатылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. (фото: Құрсай елдімекенін ауыз сумен қамту құрылысы кезінде түсірілген) Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Осы айтылған жұмыстар уақытында орындалар болса, 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, қалада өткен жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған.