ШЫМКЕНТ: Он айда үш мыңнан астам жастар жұмысқа жолдама алған

0
1 018

Олардың ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары да бар.


ШЫМКЕНТ: Он айда үш мыңнан астам жастар жұмысқа жолдама алған

"Жастар тәжірибесі" Шымкент қаласында тиімді жүзеге асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, 2019 жылы Шымкент қаласында "Жастар тәжірибесі" бағдарламасымен 3087 жасты қамту жоспарланған. Нәтижесінде, 2019 жылдың он айыда 3473 жұмыссыз жас түрлі мекемелерге жолдама алып, оның ішінде 280-і тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сол жастардың бірі арнаулы орта оқу орнын тәмамдап, мамандығы бойынша бір жылға жуық уақыт жұмыс таппай жүрген Думан Орынбасар. Ол осыдан бір ай бұрын Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, оған "Шымкент лифт монтаж" мекемесіне жолдама берілген. Қазір жас маман қаладағы көпқабатты үйлердегі жеделсатыларға (лифттерге) қызмет көрсетеді. Айлық жалақысы да тұрақты.

"Бір жылдай жұмыс таппай жүрдім. Жұмыспен қамту орталығына барып өтінім беріп, тіркелдім. Жұмыс тез табылды. Бір айға жуық болды осы мекемеде жұмыс істеп жүргеніме. Жұмыс өзіме ұнайды", - дейді Думан.