Шымкент опера және балет театры әлемдік классикаға бет бұрды

0
3 004

Театр солистері мен симфониялық оркестрі әлемдік деңгейдегі дирижермен бір сахнада өнер көрсетті.


Шымкент опера және балет театры әлемдік классикаға бет бұрды

Шымкент қаласында опера және балет театры әлемдік классиктермен әріптестік орнатып, шеберлік сабақтарын алуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл қалада опера өнерінің өркендеуі мен әрмен қарай дамуына ықпал етеді, дейді мамандар.

Өнер ордасындағы оркесторғаИталиядағы Карло Феличе театры қорының көркемдік жетекшісі, халықаралық опера байқауларының қазылар алқасының мүшесі Джузеппе Аквавива алғашқы шеберлік сабағын өтті.


Әйгілі маэстро театрдың әлемдік деңгейге жетуін және әртістердің кәсіби біліктілігін арттыруды көздеп отыр.

Шымкентте «Классикалық музыка жауһарлары» концерті өтті. Театр солистері мен симфониялық оркестрі әлемдік деңгейдегі дирижермен бір сахнада өнер көрсетті.

Шымкент сахнасында әлемдік классика жетекшілеріДж.Россини, Дж.Верди, Дж.Пуччини, Г.Донецетти секілді композиторлардыңшығармаларымен бірге Е. Брусиловский, М. Төлебаев және т. б. қазақ ұлттық операсы майталмандарының туындылары шырқалды.