ШЫМКЕНТ: Оралхан Бөкейдің «Құлыным менің» драмасы сахналанды

0
1 279

Әлі күнге өзектілігін жоймаған бұл шығарма театр репертуарын жаңа туындымен толықтырды.


ШЫМКЕНТ: Оралхан Бөкейдің «Құлыным менің» драмасы сахналанды

Көрнекті жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкейдің «Құлыным менің» драмасы Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында сахналанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлі күнге өзектілігін жоймаған бұл шығарма театр репертуарын жаңа туындымен толықтырды. Қойылымның режиссері — Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Айдын Салбанов.
Аталған қойылым басталған сәттен-ақ, көрермендерді өзіне баурап алды.
«Құлыным менің» повесі психологиялық драма Онда қаланың шулы ортасының көрігін қыздырған жастардың психологиясы мен Бозтайлақ сынды даланың еркін өскен ұланының ұлттық тіні берік, тамыры бекем, тұнығы шайқалмаған болмысы текетіреске түседі.
"Маған бүгінгі қойылымда Бозтайлақ рөлін сомдау бұйырыпты. Дайындыққа 20 күндей уақыт кетті. Қойылым көрерменнің жүрегінен жол табады деген сенімдемін", - дейді Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының актеры Сағи Биғабылов. ⁣⁣
Айта кетейік, «Менің құлыным» пьесасы алғаш рет 1974 жылы режиссер Қадыр Жетпісбаевтың қолтаңбасында көрерменімен қауышқан. Ұзақ жылдар бойы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театры сахнасында үзіліссіз қойылды. 1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты атанды. Аталған туынды тек қана қазақ драматургиясы емес, Кеңес драматургиясындағы елеулі оқиға болды. Алғаш болып пьесаны «Театр» журналы аударып басып, спектакльден тікелей репортаж жасады. «Құлыным менің» үлкен пікірталастың арқауына айналады. Бұл – қазақ театр өнеріне арналған бірінші дөңгелек үстел болып тарихқа енді. Сонысымен де 70-жылдардың басында Оралхан Бөкейдің сахнаға арнап жазған тырнақалды туындысы қазақ театр өнерінде шын мәнінде жаңалық болды.⁣⁣