ШЫМКЕНТ: Отбасы моделін қалыптастырудағы өзекті мәселелер талқыланды

0
1 007

Конференцияда отбасылық-тұрмыстық салада көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы жайында айтылды.


ШЫМКЕНТ: Отбасы моделін қалыптастырудағы өзекті мәселелер талқыланды

Шымкентте «ХХІ ғасырдағы отбасы институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған конференция Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйытқысымен «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шара барысында арнайы жасақталған мақсатты топ өкілдері ХХІ ғасырдағы отбасы моделін қалыптастыру, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасындағы ана мен әкенің рөлін нығайту, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық бағытындағы өзекті мәселелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Қалтаев басқарма тарапынан «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының аясында қаламызда отбасылық-тұрмыстық салада көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
"Негізігі жобалардың қатарында қиын жағдайға ұшыраған, қолайсыз және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылармен әңгімелесу, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында қаламыздағы төрт ауданда арнайы «Аутрич бөлімі» құрылған болатын. Бұл бөлім қызметкерлері аудан аумақтарындағы шағынаудандардың белсенді тұрғындарымен, оның ішінде учаскелік полиция қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, үй басқарушылар мен көше басқарушылар, төбе билермен тығыз жұмыс жасап, сол аумақтың әлеуметтік картасын әзірлеп, өзекті мәселелерін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін аутрич бөлімі шағынаудандар бойынша толық зерделеп, келеңсіз жағдайлардың алдын алу, жедел жұмыстар жүргізіп жаыр",-деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, қаламыздағы «Самғау сенім» орталығы бүгінге дейін 150-ге жуық отбасылық зорлық-зомбылықтың жәбірленушілеріне қажеттіліктеріне орай тиісті қызмет түрлерін ұсынған. Сондай-ақ, медико-психологиялық орталық ағымдағы жылы 350-ге жуық азаматтарға қызмет көрсетті.
Ажырасу көрсеткіштерін төмендету мақсатында қаламыздың Абай аудандық сотында пилоттық негізде құрылған «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының жүргізген жұмыстарының нәтижесі баяндалды.
Аталған жұмыс тобы бүгінге дейін 30-ға жуық отырыс өткізген. Отырыстарда жалпы 250 іс қаралған. Оның ішінде 80 іс медиация әдісі бойынша шешімін тапса, 28 азамат өзінің ажырасу бойынша ұсынған талап-арыздарын кері қайтарды. Бұл өз кезегінде жалпы жұмыс тобы жұмысының тиімділігін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта жұмыс тобының тәжірибесін қаладағы өзге де соттарда жүзеге асыру жоспарланып отыр.
"Жақында өзім қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен республикалық «Әкелер форумына» қатысып қайттым. Форумнан алған әсеріммен көп балалы әке ретінде қалада «Әкелер кеңесін» құруға себепкер болдым. Бүгінде кеңес өз жұмысын №38 мектепте бастады және қаланың барлық мектептеріне аталған кеңес жұмысын жүргізу бойынша эстафеталық жолдама жолданды", - дейді Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы, «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының жетекшісі Е.Отарбаев.
«Балаларды (ЖИТС)СПИД-тен қорғау» қоғамдық қоры отбасының құндылықтарын дәріптеу біздің басты мақсатымыз деп отыр.
"Осы орайда, біздің ұйым қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармамен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Себебі отбасындағы баланың құқығын қорғау, отбасын құруды жоспарлау бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырып отырғандықтан, біздің негізгі мүддеміз бір деп ойлаймын. Біздің ұйым бүгінде «Өнеге» пилоттық жобасын бастап, нәтижелі жұмыстар жүргізді", - дейді «Балаларды (ЖИТС)СПИД-тен қорғау» қоғамдық қоры президенті Ж.Жазықбаева.