ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 81 жағдайы тіркелді

0
1 460

Оның ішінде 51 белгілері бар, 30-ның белгілері жоқ.


ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 81 жағдайы тіркелді

Шымкент қаласында эпид ахуал әлі күрделеніп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр. Өткен тәулікте, яғни 7 сәуір күні коронавирустық инфекцияның 81 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 51 белгілері бар, 30-ның белгілері жоқ. Вирус жұқтырған 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 57 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Төсек орын толымдығы 28 пайызды құрайды, 992 төсек орын бос.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 388 науқас емделуде.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 324 871, тәулігіне 2595.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ өткен күні 414 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 16 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.