ШЫМКЕНТ: Өз кәсібін ашқысы келетіндер 505 мың теңге грант ұтып ала алады

0
4 480

Өз ісін бастағысы келетіндер бір реттік қайтарымсыз грант ұтып алуына болады.


ШЫМКЕНТ: Өз кәсібін ашқысы келетіндер 505 мың теңге грант ұтып ала алады

Шымкент қаласының кәсіп ашып, өз ісін бастағысы келетін тұрғындарына арналған грант жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл Шымқала тұрғындарына арналған бизнес жоспары дайын, бірақ, қаржы қолбайлау болып отырған жандар үшін керемет мүмкіндік болып отыр.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант ұтып алуға болады. Бір реттік қайтарымсыз грант төмендегі категориялар бойынша беріледі:

  • Жұмыссыз көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастар - 200АЕК (505 мың теңге)
  • Кәмелет жасқа толған және зейнеткерлікке дейінгі жұмыссыз азаматтарға – 100 АЕК (252 мың 500 теңге) қаражат беріледі.


Бағдарлама екі бағытта іске асырылуда:

Кәсіптік оқыту – Жұмыспен қамту ортылықтарында 3 ай оқытылады.

Бизнес Бастау - «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында 25 күн оқыталады.

Арнай мамандық немесе сертификат иеленген азаматтар комиссия мүшелерінің алдында өз бизнес жоспарын қорғап, грант иегері атанады.

Айта кету керек, Шымкент қаласына жалпы саны - 4500 грант бөлінген.

Мекен-жайы: Жастар ресурстық оталығы, Түрікстан көшесі №1
Толық ақпаратты 39-13-60, 8775-447-08-06, 8775-073-10-42 телефондарныа хабарласып, алуға болады.