ШЫМКЕНТ: Өз қонағын балғамен ұрып өлтірген қылмыскер 17 жылға сотталды

0
1 123


ШЫМКЕНТ: Өз қонағын балғамен ұрып өлтірген қылмыскер 17 жылға сотталды

Бірге арақ ішкен танысын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өткен жылдың отызыншы маусымы күні 42 жастағы Евгений бұрынғы танысын кезіктіріп қап бірге арақ ішуге шақырады. Анасының үйінде жоқ екенін пайдаланып, пәтеріне қонағын ертіп келген. Спиртті ішімдік ішіп көңіл көтерген екі таныс сөзге кеп қалады. Алкогольді ішімдікке масайып алған Евгений қонағының басына балғамен бірнеше рет ұрып, пышақпен одан бетер жарақаттап тастайды. Қонағын өлтірген ол жайбарақат ұйқыға кетеді. Таңертең мәйіттен құтылмақ боп, жәбірленушінің денесін балғамен, пышақпен үшке кескілеп қоқыс қапшықтарына салып қоқыс контейнеріне апарып тастайды. Сөйтіп өзі тәртіп сақшыларынан қашып, бой тасалайды. Араға ай салып, шілде айында полиция бөліміне келіп кінәсін мойындаған.

Бұрын да сотты болған қырық екі жастағы сотталушы Евгенийдің кінәсі сотта дәлелденіп, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жоғары сот сатыларында үкім өзгеріссіз қалдырылды.