Шымкент: «Парасатты полицей» байқауының жеңімпазы анықталды

0
136

Байқауда Аудандық полиция басқармаларының атынан қатысқан 5 команда бақ сынады


Шымкент: «Парасатты полицей» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкентте «Парасатты полицей» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жастар жылы» аясында жас және білікті полицейлерді таныту, олардың оң имиджін қалыптастыру және ең маңыздысы – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін нығайту мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар көрермен алдында сегіз қырлы бір сырлы, отансүйгіш, тілді құрметтейтін азамат екендерін дәлелдеп, өз өнерлері мен білім-білігін көрсете алды.

«Парасатты полицей» байқауының қорытындысы бойынша, әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орын – Патрульдік полиция полкінің «Жол періштелері», екінші орын – Қаратау ауданы Полиция басқармасының «Жұлдызды жігіттер», ал үшінші орын Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының «Әл-Фараби ұландары» командаларына бұйырды. Бұған қоса, «Өнерлі команда» номинациясын Абай ауданы Полиция басқармасы командасы және «Ұйымшыл команда» номинациясын Еңбекші ауданы Полиция басқармасының командасы иеленді. Сонымен қатар, жүлделі орындар мен номинацияларға ие болған жалпы командаларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, «Парасатты полицей-2019» байқауында жеңімпаз атанған команда алда Маңғыстау облысында өтетін Республикалық байқауда Шымкент қаласы Полиция департаментінің намысын қорғайды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет