Шымкент пен Атырау ынтымақтастық меморандумына қол қойды

0
501

Аталған меморандумның басты мақсаты - әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу.


Шымкент пен Атырау ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Атырау облысы мен Шымкент қаласы арасында сауда-экономикалық саласының дамуына зор үлес қосатын өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, ауыл шаруашылығы саласына жауапты мамандар, сонымен бірге қаламыздың бірқатар кәсіпорын басшылары мен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевпен оның өкілдері қатысты.
Аталған меморандумның басты мақсаты - әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін өңіраралық кооперациялық тізбекті қалыптастыру, сауда ынтымақтастығын дамыту, жергілікті атқарушы органдармен және екі өңірлердің кәсіпкерлері арасында достық қарым-қатынасқа негізделген өзара тиімді іскерлік байланыс орнату.
Атырау облысынан келген делегация құрамы үшінші мегаполистегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін кәсіпорындардан шығарылатын өнім түрлерімен танысты. Атап айтқанда, «GRAMAD RETAIL» ЖШС, «Қасқасу С» ШҚ, «Pioner Grain Products» ЖШС, «Шымкет Құс» ЖШС, Жібек жолы – көтерме сауда базары.
Сондай-ақ экономикалық саланы дамыту мақсатында алдағы уақытта аталған меморандум аясында бірқатар іс шаралар жүргізілетінін айтып өтті.