ШЫМКЕНТ: Полицейлер көлігінің дөңгелегі тесілген жүргізушіге көмектесті (видео)

0
1 477


ШЫМКЕНТ: Полицейлер көлігінің дөңгелегі тесілген жүргізушіге көмектесті (видео)

Шымкенттік полицейлер автокөлігінің дөңгелегі ауа жіберіп, жолда қалған қызылордалық жүргізушіге көмек қолын созған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қызылордадан Шымкентке келген көлік жүргізушісінің түмір тұлпарының дөңгелегінде ақау пайда болып, жолда қалған. Дегенмен, оған осы сәтте Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің 4-рота 817-экипаж қызметкерлері көмекке келген. Инспекторлар тесілген дөңгелекті желімдеу орталығына апарып, 20 минутта жөндеп келіпті.

"Көп рахмет жігіттер Алла разы болсын. Осындай адал полицейскилер көп болсын",- деп алғысын білдіреді.