ШЫМКЕНТ: Полицейлер жоғалған 6 жасар қызды тапқан Әбілхан Дәрібаевты марапаттады

0
1 394

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов, үйінен адасқан 6 жасар қызды тапқан Әбілхан Дәрібаевты марапаттады.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер жоғалған 6 жасар қызды тапқан Әбілхан Дәрібаевты марапаттады
2019 жылғы 26 қаңтарда Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 6 жасар қыздың сабақтан шығып, жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Полиция қызметкерлері дереу жас қыз баланы іздестіруге жұмылдырылды. Сол маңда жұмыстан қайтып бара жатқан Дарибаев Абилхан есімді азамат бүлдіршінді көріп, адасқанын түсінеді. Содан ол 6-жасар қызды Шымкент қаласы Полиция Департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізеді.
Қоғамда болып жатқан жайттарға немқұрайлы қарамай, жас баланы ата-анасымен қауыштырған Абилхан Дарибаевтың еңбегін ескеріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов алғысын білдіріп, Грамотамен марапаттады.

Осыған орай, Шымкент полициясы азаматтардан жас балаларды назардан тыс қалдырмауын ескертеді.