ШЫМКЕНТ: Полиция департаменті жастарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

0
1 184

Жәрмеңке жастардың ІІМ органдарына қызметке кіруіне мүмкіндік сыйлап отыр.


ШЫМКЕНТ:  Полиция департаменті жастарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жәрмеңке барысында Шымкент қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері қатысушыларға құқық қорғау ведомствалық қызметінің бағыттары, сондай-ақ тамыз айында өтетін конкурс туралы айтып, түсіндіреді. Сонымен қатар, Ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері, жалақы деңгейі, қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты барлық ниет білдірушілер ала алады.

Сондай-ақ, жоғары білім алғысы келетін жастарға полиция қызметкерлері ҚР ІІМ оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіреді.

Жәрмеңкені өткізу орны: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі 13. Өтетін уақыты: 2019 жыл 30 шілде, сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін.