ШЫМКЕНТ: Полиция гүл дүкенінде болған оқиғалар туралы түсініктеме берді

0
411

Флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен ер адам Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.


ШЫМКЕНТ: Полиция гүл дүкенінде болған оқиғалар туралы түсініктеме берді

фото: видеодан алынды

Полиция қоғамдық резонанс тудырған Шымкенттегі "Romantic" гүл дүкенінде болған оқиғалар туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бірінші бейнежазбада көрсетілгендей, ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға қарай бет алады. Бұл жайт 8 тамыз күні болған. Аталған жағдайға қатысты полицияға сатушыдан ешқандай арыз түскен жоқ. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды.

Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. К. есімді азамат 1990 жылы туған Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі - 1952 жылы туған зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады» делінген хабарламада.

Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына «Ұсақ бұзақылық» сәйкес 7 тәулікке қамауға алынған.

Екінші бейнежазбада басқа 1989 жылы туған Б. есімді азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.

«Ағымдағы жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан. Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен «Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау» сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат ағымдағы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.