ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді

0
920

Аталған акцияға 300-ден астам азамат жүгініп, өз мәселелерінің шешімін тапқан.


ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді

Шымкент қаласының Полиция департаменті басшылығымен Қаратау ауданы Сайрам елді мекеніндегі адам көп шоғырланған орындарда «Жолда қабылдау» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жыл 3 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін халықтың ыңғайлығы үшін туындаған сұрақтарына 3-5 минутта жауабын беру, көмектесу және кеңес беру мақсатында өткен акцияда әкімшілік практика, көші-қон, тіркеу-емтихан, азаматтық және қызметтік, қару айналымы қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары мобильдік қабылдау жүргізді.

Сондай-ақ, іс-шара барысындағы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға автокөліктерді тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды анықтау және оларды төлеу бойынша қызмет түрлері көрсетілген. Сонымен қатар, аталған акцияға 300-ден астам азамат жүгініп, өз мәселелерінің шешімін тапқан.