ШЫМКЕНТ: Президенттік кадр резервіне үміткерлер бірнеше жүйелі кезеңдерден өтеді

0
526

Тестілеуді верификациялауға ең жоғары нәтиже көрсеткен 1 000 кандидат жіберіледі


ШЫМКЕНТ: Президенттік кадр резервіне үміткерлер бірнеше жүйелі кезеңдерден өтеді

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаевтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Брифинг барысында Әділет Әділбекұлы Резервке алу үшін үміткерлерге өту керек кезеңдерді мәлімдеді.

Резервке алу үшін үміткерлерге бірнеше жүйелі кезеңдерден өту керек. Олар: кандидаттардың құжаттарын қабылдау, сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау, сараптамалық комиссияда қатысушылармен әңгімелесу, кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатураларын қарау. Көптеген кезең онлайн режимінде өтеді. Алғашқы екі блоктан өту нәтижелері бойынша үміткерлерді бағалау верификациялауға жіберіледі. Яғни, нәтижелер расталады. Тестілеуді верификациялауға ең жоғары нәтиже көрсеткен 1 000 кандидат жіберіледі, – деді филиал директоры.
Әділет Нысанбаевтың айтуынша, «құзыреттерді бағалау» кезеңіне 250 адам, ал келесі Сарапшылық комиссияда әңгімелесуге жоғары көрсеткіштегі 100 кандидат жіберілмек. Сарапшылық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның отырысында қарау үшін ұсынылатын 65 кандидаттан аспайтын тізім құрылмақ. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50-ден аспайтын кандидатты қабылдау туралы шешім қабылданады.