​ШЫМКЕНТ: Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды

0
344

Бұл туралы "Оңтүстік жолдары" МКК кезекші операторы мәлімдеді.


​ШЫМКЕНТ: Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды

17 қараша күні 10 сағат 30 минуттан бастап "Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент" республикалық маңызы бар автожолдарында қозғалыс жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы "Оңтүстік жолдары" МКК кезекші операторы мәлімдеді.

Метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты (нөлдік көру, боран, бұрқасын, көктайғақ) барлық автокөлік түрлері үшін 593 км-ден 654 км-ге дейін, Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейін автокөліктердің қозғалысы жабылды.