ШЫМКЕНТ: Рысқұлов көшесінің жолайрықтағы бөлігі жуырда ашылады

0
571

Қалған бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы қарашада аяқталмақ.


ШЫМКЕНТ: Рысқұлов көшесінің жолайрықтағы бөлігі жуырда ашылады

Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінің жолайрықтағы бөлігі жуырда ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үшінші мегаполистегі жол құрылыстарының бірі Рысқұлов және Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрық қазан айында Қонаев даңғылы бойынша жол қозғалысы үшін ашылып, біраз жол кептелісін реттеуге мүмкіндік берген болатын.
Қазіргі таңда Рысқұлов көшесінің бір жақ бөлігін ашудағы соңғы жұмыстар атқарылуда. Қалған бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы қарашада аяқталмақ.
Жыл өткен сайын мегаполистегі қалаішілік жолдарда көлік кептелісі артып келеді. Әсіресе, орталық көшелердегі белгілі бір уақытта автокөліктер тығынын жиі байқауға болады. Мәселен, Т.Рысқұлов және Д. Қонаев көшелері қаланың бір шеті мен екінші шетін жалғайтын ұзын көшелер. Салдарынан, мұнда көліктердің кептелісінен туындайтын мәселелер аз емес. Осы ыңғайсыздықтарды шешу мақсатында, қала әкімдігі Д.Қонаев - Т.Рысқұлов пен Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрық құрылысын салуды жоспарлаған болатын.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, 2019 жылы Рысқұлов (Қонаев қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі 27775 авто/тәулік болса, жол құрылысы аяқталғаннан кейін 65820 авто/тәулік өткізу мүмкіншілігіне жоғарылайтын болады.