ШЫМКЕНТ: Сауда орындарындағы көлік тұрақтарын ретке келтіру бойынша жиын өтті

0
559

Жауапты мамандар сауда орталықтарының өкілдерінің осы мәселе бойынша ұсыныстарын тыңдады.


ШЫМКЕНТ: Сауда орындарындағы көлік тұрақтарын ретке келтіру бойынша жиын өтті

Шымкент қаласындағы сауда орындарының айналасындағы көлік тұрақтарды ретке келтіру бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесуге қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары, қалалық полиция департаментінің өкілдері, тасымалдаушы компания жетекшілері мен сауда орындарының басшылары қатысты.

Жұмыс тобының мақсаты – қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайту мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін оңтайландыру, сауда орындарының алдына көлікке арналған тұрақ ұйымдастыру.
Бұған қоса тиісті жол белгілері мен бейнебақылау камераларын орнату да маңызды болып тұр. Жауапты мамандар сауда орталықтарының өкілдерінің осы мәселе бойынша ұсыныстарын тыңдады. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылмақ.