ШЫМКЕНТ: Сенат депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

0
1 258

Алдағы уақытта көтерілген проблемалар заң аясында назарға алынып, жүйелі жауап берілетін болады.


ШЫМКЕНТ: Сенат депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Айгуль Капбарова мен Нұрлан Бекназаров Шымкентке іссапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Депутаттар алдымен азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, қоғамдық қабылдау барысында бірқатар азаматтардың өзекті мәселелері тыңдалды. Басқосуда негізінен жұмыспен және баспанамен қамту, жерді тиімді пайдалану сияқты әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаров қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін тыңдап, арыз-шағымды жазбаша қабылдап алды. Алдағы уақытта көтерілген проблемалар заң аясында назарға алынып, жүйелі жауап берілетін болады.

Айта кетейік, қабылдауға тұрғындармен қатар Шымкентке қарасты аудан әкімдері мен жауапты сала мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.