ШЫМКЕНТ: Сенатор қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

0
707

Қалалық мәслихат депутаттарымен де кездесті.


ШЫМКЕНТ: Сенатор қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Сенатор Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына іс-сапары барысында жаңа сайланған Қоғамдық кеңес мүшелерімен және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын барысында депутат Парламент қабырғасында қаралып, қабылданып жатқан заңдардың маңызыдылығы мен өзектілігіне тоқталып, қоғамдық кеңес жұмысымен танысып, алдағы конституциялық реформа мәселелерін талқылады.
Аталған талқылауға қатысушылар еліміздің ата заңының 33 бабына енгізілетін 56 толықтырулар бойынша қойылған сұрақтарына жауаптар алып, бірауыздан қолдайтынын білдірді.
- Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер демократиялық жаңарулар мен ел дамуындағы маңызды реформаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ алдағы республикалық референдумның тарихилығын ескере отырып, маңызды саяси шараға белсенді қатысуға шақырамын, - деді Сенатор.