ШЫМКЕНТ: ​«SHANYRAQ» орталығында аналармен кездесу өткізілді

0
189

Кездесу барысында өзекті мәселелер қозғалды, келген азаматтар өз қиындықтарымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.


ШЫМКЕНТ: ​«SHANYRAQ» орталығында аналармен кездесу өткізілді

Шымкент қаласы «SHANYRAQ» орталығында Абай ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бойынша бөлім басшысы Адамбек Баймырза көпбалалы аналармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында өзекті мәселелер қозғалды, келген азаматтар өз қиындықтарымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырудың қиындықтары, кейбір отбасылардың атаулы әлеуметтік көмектері тоқтап қалғаны, үй кезегіне тұру мәселелері қозғалды.


Әр адамның мәселесі бойынша жеке кеңес беріліп, жұмыссыз ретінде тіркелу, мектепке жұмысқа орналасу бойынша Орталық тарапынан бағыт-бағдар көрсетіліп, арнайы сайттарға тіркелу бойынша көмек берілді.