«Shymkent Shooting Plaza»: Шымкентте халықаралық турнир өтіп жатыр

0
129

Жарыс 31 қазанға дейін жалғасады.


«Shymkent Shooting Plaza»: Шымкентте халықаралық турнир өтіп жатыр

Шымкент қаласында «Shymkent Shooting Plaza» атқыштар кешенінде, Гран-При оқ және стенд ату спортынан КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысқа Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар бақ сынасып жатыр. Сондай-ақ, турнир барысында Олимпиада және Азия ойындарының, Азия чемпионаттарының және Әлем кубоктарының жүлдегерлері де өз шеберліктерін көрсетуде.
Қаладағы бұл турнир осымен қатар 30-шы рет өткізіліп отыр. Бұл атыс спортының тарихында мерейлі мереке ретінде аталынып отыр. Ал 2018 жылдан бастап бұл турнир ISSF халықаралық спорттық ату федерациясының спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді.
Жалпы халықаралық дәрежедегі жарыстарды өткізудегі негізгі мақсат - еліміздегі атыс спортын дамыту, спортшылардың біліктілігін арттыру және олардың рейтингін анықтау, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Турнир өтетін спорт нысандарында барлық санитарлық нормалар сақталған. Шымкентке келген барлық спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілер ПТР-тестілеудің теріс нәтижелері бар анықтамаларды ұсынды. Жарыс 31 қазанға дейін жалғасады.