ШЫМКЕНТ: Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

0
2 250

Күн күркіреу ықтималдығы бар.


ШЫМКЕНТ:  Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» Шымкентте дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың айтуынша, 25 наурыз кешке және 26 наурыз күні күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Күн күркіреу ықтималдығы бар.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына қырағы болып, ауа-райы туралы ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.