«Шымкент Сити» шағынауданында 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды

0
1 305

Тал егу шарасы мегаполистегі «Шұғыла» шағынауданы, Жаңақоныс көшесінде де жалғасты.


«Шымкент Сити» шағынауданында 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды

Шымкент қаласында «Таза табиғат» акциясы аясында 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін «Шымкент Сити» шағынауданында «Таза табиғат» акциясы аясында «Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Азаматтық Альянс» қауымдастығы мүшелері тарапынан ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды бірлесіп көгалдандыру туралы тапсырмасын негізге ала отырып өткізілген игі шараға Шымкент қаласы Қаратау әкімдігі мен "Nur Otan" партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері атсалысты.
Экологиялық акция барысында Жұмағали Білісбеков бастаған «Азаматтық Альянс» мүшелері, Эльмира Созақбаева жетекшілік ететін Шымкент қаласының Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері және Y-Peer еріктілері қатысып, жалпы 100-ден астам көшет отырғызылды. Сондай-ақ тал егу шарасы мегаполистегі «Шұғыла» шағынауданы, Жаңақоныс көшесінде де жалғасты.