«Шымкент сити» шағынауданында ағаштар отырғызылып жатыр

0
684

Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы ағаштар арнайы техникамен қазылып аудан аумағына отырғызылуда.


«Шымкент сити» шағынауданында ағаштар отырғызылып жатыр

"Шымкент сити» шағынауданы аумағына ағаштар отырғызылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрық құрылысы басталғаны белгілі. Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы ағаштар арнайы техникамен қазылып, «Шымкент сити» шағынауданы аумағына отырғызу жұмыстары жүргізілуде.