ШЫМКЕНТ: Солтүстік батыс шағынауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі

0
279

Өткен жылы 5 көше асфальттанды.


ШЫМКЕНТ: Солтүстік батыс шағынауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі

Шымкент қаласы Солтүстік батыс шағынауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесуінде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысы және алдағы жоспарлардан хабардар етті.

Абай ауданындағы Солтүстік батыс шағынауданында қазіргі таңда инфрақұрылыммен қамту жұмыстары аяқталған. Елді мекен ауыз су және электр жарығымен, табиғи газбен толық қамтылған.
Өткен жылы 5 көше асфальттанды. Биыл 2 көшеге (Өріс тұйығы, Талас) асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. 2023 жылы 3 көшеге (Талас өткелі, Талас тұйығы, Тарақтас) асфальт төселеді.
Шағынауданда 2021 жылы 1 көше жарықтандырылды. Биыл 1 көшені (Өзекті) жарықтандыру жоспарға енгізілген. 2023 жылы 3, 2024 жылы 1 көшеге жарықшамдар орнатылады.
2021 жылы 1 спорт алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілген еді. Биыл 1 спорт алаңшасын орнату үшін конкурс жарияланған. Ал сапалы интернетпен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.