ШЫМКЕНТ: Сотқа келмей қалған екі азаматқа жаза тағайындалды

0
1 859

Сотқа құрмет көрсетпеген қос азамат ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.


ШЫМКЕНТ: Сотқа келмей қалған екі азаматқа жаза тағайындалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қос сотталушы да Шымкент қаласы Абай аудандық сотында өтуі тиіс сот отырыстарына белгісіз себептермен келмей қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының бірнеше рет шақыруына пысқырып та қарамаған Г.Н. мен Ә.А. есімді азаматтар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жауапкершілікке тартылған. Атап айтсақ, Г.Н. Абай аудандық сотында кепілге салынған мүліктен өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша жауапкер болған. Ал, жауапкер Ә.А. несие шартын бұзу туралы азаматтық іс бойынша сот отырысына келуі тиіс болған. Алайда, екеуі де белгісіз себептермен келмеуі салдарынан сот отырыстары бірнеше рет кейінге қалдырылған.

«Бұл әрекетімен олар сотқа құрметтемеушілік танытқан жоқ. Құқық бұзушылар Г.Н. мен Ә.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс құжаттар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған. Сондай-ақ, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат Г.Н. мен азаматша Ә.А. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға ескерту түріндегі жаза тағайындалды», - деп Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.