Шымкент: Спорт мектебіне Мұхтархан Ділдәбеков директор болып тағайындалды

0
2 545

Мұхтархан Қобланбекұлы – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері.


Шымкент: Спорт мектебіне Мұхтархан Ділдәбеков директор болып тағайындалды

«Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы. ОҚО, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.


Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.