ШЫМКЕНТ: Студенттер соттың заманауи жұмыс форматымен танысты

0
1 445

Студенттерді қаралу мерзімдері мен судья қызметінде туындайтын қиындықтар қызықтырған.


ШЫМКЕНТ: Студенттер соттың заманауи жұмыс форматымен танысты

Шымкенттік сотта студенттерге арналған «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, студенттермен тұрақты кездесу іс-шарасы аясында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өтіп, оған академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері қатысты.

Сондай-ақ, сот жұмысында қолданылатын заманауи технологияларды насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және халықтың сотқа деген сенімін арттыру, мақсатында ұйымдастырылған шарада студенттерді экономикалық соттың қарауына жататын істер, олардың қаралу мерзімдері мен судья қызметінде туындайтын қиындықтар қызықтырған екен.

Сонымен қатар, кездесу барысында студенттер «Төрелік» ақпараттық жүйесінде құжаттардың айналымын және қашықтықтан өткен сот процесін көріп, танысып қайтты.