ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі руханияттың рөлі

0
1 354

"Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен және қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасымен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі руханияттың рөлі" тақырыбында дін өкілдерінің съезін өткізді.


ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі руханияттың рөлі

Бүгін, қаланың «AQMESHIT» орталық мешітінде дін, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері және тұрғындар бас қосты - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен және қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасымен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі руханияттың рөлі" тақырыбында дін өкілдерінің съезін өткізді.
Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бектаева, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры А.Ноғаев, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев, қалалық мешіттердің имамдары мен наиб имамдары, тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Қазақстанда түрлі діндердің, мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің бай, тарихи баға жетпес тәжірибесі бар. Өз кезегінде бұл ел халқының көпшілігінің құнды бағдарларын қалыптастыруға, конфессияаралық келісім мен өзара сыйластықтың толерантты атмосферасын құруға ықпал етті» - деп атап өтті Департамент басшысының орынбасары Айбек Шілманов.
Сонымен бірге, А.Шілманов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, адамның рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда, сонымен қатар адамдарда кез келген заң бұзушылыққа төзбеушілікке тәрбиелеуде дін өкілдерінің үлесі басым екендігін атап өтті. Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бектаева қалада 135 діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген, оның ішінде 104 мешіт бар, онда күн сайын 20 мыңға жуық адам, Жұма намазы кезінде 40 мыңнан астам адам адал, сатылмайтын және жоғары адамгершілік бейнесін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысатындығын атап өтті. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.
Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жастайынан тәрбиелеу қажеттігін, оның ішінде отбасының рөлі жоғары екендігін атап өтті.