ШЫМКЕНТ: «Тараз» шағын ауданындағы көшелер жарықтандырылады

0
368

Бұл жөнінде қала әкімінің Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында аудан әкімі Д.Есілбек баяндады.


ШЫМКЕНТ: «Тараз» шағын ауданындағы көшелер жарықтандырылады

Биыл Шымкент қаласы Тараз шағынауданындағы Парасат көшесі жарықтандырылады және қайта жөнделеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Тараз» шағын ауданында 3 мыңдай тұрғын қоныстанған. 4 балабақша бар. Шағын аудан ифрақұрылым жүйелерімен, интернетпен толық қамтылған.
12 көше бар болса, барлығы дерлік орташа жөндеуден өткен. 11 көше жарықтандырылған. Биыл қалған Парасат көшесі жарықтандырылады және жолы қайта жөндеуден өтеді.
Бұл жөнінде қала әкімінің Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында аудан әкімі Д.Есілбек баяндады.
Аумақта № 147, 56, 150, 21, 10, 15, 66, 158 бағыттағы автобустар қызмет көрсетеді.