ШЫМКЕНТ: Таскен тұрғын алабында 4 көшеге асфальт төселеді

0
501

2023 жылы 11 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: Таскен тұрғын алабында 4 көшеге асфальт төселеді

Шымкент қаласы Таскен тұрғын алабында биыл 4 көшеге асфальт төселеді ERNUR.KZ.

Бүгінде Қаратау ауданындағы Таскен тұрғын алабы ауыз сумен 98 пайыз, электр жарығымен 100 пайыз, табиғи газбен 98 пайыз қамтылған.
2022 жылы 4 көше, 2023 жылы 11 көшеге (Жүзімдік, Балабүрген, Кемел, Қырмызы, Балқаймақ) асфальт төсеу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл Жібек жолы көшесі жарықтандырылады.
Елді мекенде 1 балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілген болатын. Биыл 1 спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Келесі жылы тұрғын алап 100 % сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.