ШЫМКЕНТ: "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының жеңімпаздары анықталды

0
712

Жобаға Шымкент қаласының жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес 50 жас қатысты.


ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім берген жобалар бойынша комиссия отырысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоба аясында 4 грант беріледі, олардың әрқайсысы 1 миллион теңгеден. Гранттар «Мәдениет», «Еріктілік», «Медиа» бағыттары бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде жүзеге асырылуда.
Жобаға Шымкент қаласының жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес 50 жас қатысты. Толығымен 12 жоба ұсынылып, комиссия отырысында 4 жоба жеңімпаз деп танылды.

Олар:

- «Мәдениет» бағытында – Калиев Салих «Жігерлі жүрек» жобасы;
- «Еріктілік» бағытында 2 грант – Жолдасбай Дияра, Досымбетова Адема «Қолайлы спорт алаң» жобасы, Ауганбаев Темур «Зиянды әдеттер» жобасы;
- «Медиа» бағытында – Нұрланұлы Елнұр «Mobi log» жобасы.
Комиссия мүшелерінің қатарында Оспаналиева Рашкүл Жалелқызы, Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Садибеков Бижан Әбдіғаппарұлы, Қарғабай Астана Алпысбайұылы, Байзақова Сабира, Исмайлов Сейдулла Кеңесбайұлы бар.
Комиссия отырысында барлық жобалар бойынша жекелей талқылап, үздік деп таныған жобаны жеңімпаз деп таңдады.
Алдағы күндері жеңімпаз деп танылған жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттар жарияланатын болады.