ШЫМКЕНТ: Театр солисі Айбек Қанатбек Қырғызстан мәдениет министрінің грамотасымен марапатталды

0
537

Марапат Айбек Қанатбекке Қырғызстанның халык әртісі Н.Тұрсунбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған концертте табысталды.


ШЫМКЕНТ: Театр солисі Айбек Қанатбек Қырғызстан мәдениет министрінің грамотасымен марапатталды

Шымкент қалалық опера және балет театрының солисі Айбек Қанатбекті екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қырғызстан Республикасының Мәдениет, спорт және жастар саясаты министрі К.Иманалиев арнайы Грамотамен марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Марапат Айбек Қанатбекке Қырғызстанның халык әртісі Н.Тұрсунбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған концертте табысталды.
Театр солисі Шымкент қалалық опера және балет театрында 2017 жылдан бері қызмет жасап келеді. Репертуарындағы қойылымдарда жетекші партияларды сомдап жүрген опера солисі, көптеген республикалық байқаулардың лауреаты.
Көрерменге Бекежан (Е.Брусиловский «Қыз Жібек»), Дон Базилио(Дж.Россини «Севильдік шаштараз»), Эскамильо, тореадор (Дж.Бизе «Кармен»), Граф Данило (Ф.Легар «Көңілді жесір» опереттасы) сынды жарқын рөлдермен танылған.