ШЫМКЕНТ: «Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады

0
391

Қойылымның қоюшы режиссері – Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – Баубек Әшірбаев.


ШЫМКЕНТ: «Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма тетрында Мар Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Тіл табысқандар» спектаклі - ауылдан келген әпкенің қала тіршілігіндегі сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып, ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін өз ана тіліне сөйлетуі жайлы бейнеленеді.
Аталған комедияның идеясы - жаһандану кезеңі белең алған ғасырда ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдырын насихаттау. Қойылымның қоюшы режиссері – Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – Баубек Әшірбаев.
Айта кетейік карантинге байланысты барлық мәдени іс-шаралар мен қойылымдар шектеулі көрермендер санымен өткізіледі.