Шымкент «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасын салтанатты түрде қабылдап алды

0
1 640

Шымшаһардың мерейін асырған мәртебелі шараға үшінші мегаполистен делегация қатысты.


Шымкент «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасын салтанатты түрде қабылдап алды

Беларусь Республикасының Брест қаласында «Брест – ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасы» іс-шарасының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған салтанатты шарада Брест қаласы 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын Шымкент қаласына ресми түрде табыс етті.

Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен жиынға 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленген Шымкент қаласынан арнайы өкілдер қатысты. Атап айтсақ, Шымшаһардың мерейін асырған мәртебелі шараға үшінші мегаполистен делегацияны Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастап барды.

Сондай-ақ, аталған шараға қатысқан фототілшілер Шымкент қаласының туристік және тарихи-мәдени әлеуетін таныстырды.