Шымкент: «Төлем» карталары сатылымға шығарыла бастады

0
2 275

Карталар бүгіннен бастап сауда орталықтары мен супермаркеттерден сатып алуға болады.


Шымкент: «Төлем» карталары сатылымға шығарыла бастады

фото: Gulshat Kanat

Шымкентте «Төлем» карточкалары сатыла бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 қазаннан бастап шымкенттіктер қоғамдық көліктерде «Төлем» карточкалары арқылы есеп айырыса алады. Карталарды бүгіннен бастап сауда орталықтары мен супермаркеттерден 500 теңгеге сатып алуға болады.

Шымкенттіктер жолақысын картамен 15 қазаннан бастап төлейді. Ал төлемнің жаңа жүйесін құптамаған жолаушы 70 теңгенің орнына 100 теңге төлеуге мәжбүр болады. Дифференциалды тариф жолаушылардың саладағы көлеңкелі бизнесті жоюға атсалысуына сеп болмақ, дейді сала мамандары.

- Қазіргі уақытта барлық көліктерге стационарлы құрылғылар қойылды. Қазір мобильді терминалдар жүргізіліп жатыр. Ол жүргізушлер мен кондкуторларға беріледі, - дейді компания директорының орынбасары Ерлан Нұрланұлы.

«Төлем» карточкаларының төрт түрі бар. Стандартты, студенттік және мектеп оқушыларына, тегін жол жүруге рұқсат етілген азаматтарға арналған карталар. Соңғысын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер, ерен еңбегі үшін медальмен марапатталған тыл еңбеккерлері, батыр аналар және бірінші топтағы мүгедектер пайдалана алады. Мұндай карталар алдағы күндері ХҚКО-да беріле бастайды.